Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас бапкер көзінен ауыр жарақат алған қазақ балуанының жігеріне тамсанды

Опубликовано:

Мейіржан Шермаханбет
Мейіржан Шермаханбет. Фото: uww.org

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Мельниченко жақында көзінен жарақат алған Мейіржан Шермаханбет туралы айтты. Бұл туралы Bassport.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Шермаханбет бір жылдан аса уақыт бойы көзіндегі жарақатына байланысты кілемге шықпаған болатын.

"Мейіржан үшін өте қуаныштымын. Құрамадағы ең талантты балуандардың бірі. Әлем чемпионатының қоласын алған, Азия чемпионы. Ол бір көзінің тор қабығы жыртылып, бір жылда аса уақыт бойы кілемге шыққан жоқ. Соған қарамастан, өзінің энтузаизмін, жігерін жоғалтпаған. Командаға ену үшін барын салды.

Біз оның бұған дейінгі жетістіктерін еш ұмытпаймыз. Бірақ қазіргі бабына ерекше қарайтынымызды ескерттік. Дәрігерлер күресуге рұқсат берген соң бір айдан кейін Германиядағы турнирге қатысып, өте қиын белдесулерді алып шықты. Қола медаль жеңіп алды. Ол Азия ойындарына баратын құрамға әділетті түрде еніп отыр.

Алдағы уақытта оның апта сайын қарқынын үдете түсеріне сенемін. Ол Азия ойындарында чемпион бола алмаса да, амбициясы жоғары балуандардың бірі болып қалады. Мейіржан әлем чемпионатын да, Олимпиада ойындарын да жеңіп алуға қабілетті жігіттердің бірі", - деді бас бапкер.

Мейіржан Шермаханбет грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2022 жылғы Азия чемпионы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2034865-bas-bapker-kozinen-auyr-zaraqat-algan-qazaq-baluanynyn-zigerine-tamsandy/

pixel