jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан 20 жасында әлем чемпионатының финалына шықты

    Ризабек Айтмұханның түрік балуанын жеңген сәті
    Ризабек Айтмұхан. Фото: uww.org

    Сербия астанасы Белградта күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Еркін күрестен 92 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан финалға шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ризабек алғашқы айналымда Венгрия балуанын 13:3 есебіме. ұтса, екінші кезеңде биылғы Еуропа чемпионы, түркиялық Файзолла Актүрікті 11:0 есебімен жеңді.

    Ал жартылай финалда қазақ балуаны грузиялық қарсыласын жеңіп, өз мансабында алғаш рет ересектер арасындағы әлем біріншілігінің финалына шықты.

    Аталған салмақтағы финалдық белдесулер ертең өтеді. Ақтық сында Ризабек әзірбайжандық Осман Нурмогамедовпен белдеседі.

    Сондай-ақ бүгін кілемге шыққан Мейрамбек Қартбай қола медальға таласады. Ол жартылай финалда жапондық балуанға есе жіберіп, финалдан сырт қалды.

    Айта кетелік, бүгін 86 келідегі Азамат Дәулетбеков әлем чемпионатының қола медалі үшін белдеседі.

    Қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан 20 жасында әлем чемпионатының финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.