jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Барымды салдым: қазақ балуаны соңғы үш секундта жеңіске қалай жеткенін айтты (видео)

    Азамат Дәулетбеков Азия чемпионы атанған сәт
    Азамат Дәулетбеков. Фото: instagram/azamat_dauletbekov

    Белградта өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салған Азамат Дәулетбеков өз жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    86 келі салмақта бақ сынаған Азамат Дәулетбеков бахрейндік Магомед Шариповты жеңіп, ел қоржынына қола жүлдені салды.

    "Өздеріңіз көргендей, соңғы секундтарда өз әдісімді жасап, Алланың қалауымен жеңіске жеттім. Бұл Олимпиада ойындарына жолдама ойнатылғаннан кейін әлем чемпионатының қола медалін қолдан жібергім келген жоқ. Барымды салдым. Осы жүлдеге ие болғаным - бар ынтамның арқасы деп ойлаймын. Әлем чемпионатына жақсы дайындалдық. Енді осы дайындықпен ары қарай Азия ойындарына кірісеміз", - деді спортшы .

    Еске сала кетейік, Азамат Дәулетбеков еркін күрестен әлем чемпионатында қатарынан екінші рет қола медаль иеленіп отыр.

    Барымды салдым: қазақ балуаны соңғы үш секундта жеңіске қалай жеткенін айтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.