jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    20 жастағы балуан әлемнің төрт дүркін чемпионы Садулаевты ірі есеппен жеңіп кетті

    Садулаев пен Тажудинов
    Садулаев пен Тажудинов. Фото: uww.org

    Күрестен Белградта өтіп жатқан әлем біріншілігінде екі дүркін Олимпиада, төрт дүркін әлем чемпионы Абдулрашид Садулаев жеңіліс тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Садулаев өзінің отандасы, бірақ Бахрейн атынан сынға түсетін Ахмед Тажудиновке есе жіберді.

    Есеп - 2:9, Тажудиновтің жеңісі.

    Айта кетелік, еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақта Абдулрашид мойнынан да жарақат алып қалған болатын.

    20 жастағы Тажудинов бірнеше жыл бойы жеңіліссіз келе жатқан Садулаевты алтын жүлдеден қақты.

    Енді ресейлік балуан қола медальға таласады.

    Айта кетелік, Абдулрашид Садулаев еркін күрестен Рио және Токио Олимпиадаларының чемпионы, 4 дүркін әлем чемпионы.

    20 жастағы балуан әлемнің төрт дүркін чемпионы Садулаевты ірі есеппен жеңіп кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.