Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бапкерлер тек алтын медальді ойлаған": Ризабек Айтмұханға неліктен ту берілмегені белгілі болды

Опубликовано:

Ризабек Айтмұхан
Ризабек Айтмұхан. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Ризабек Айтмұхан еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанды. Алайда чемпион жігіт кілемді айналып жүгіретін туды алып шықпаған бапкерлеріне реніш білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әлем чемпионатының дәстүріне сай, чемпион атанған спортшы өз елінің туын жамылып, кілемді айналып өтеді.

Ризабек те солай істегісі келген, бірақ бапкерлер кілем жанына туды алып шықпаған.

Осы орайда, Спортты дамыту дирекциясы құрама бапкерлерінде неліктен ту болмағанын түсіндірді.

"Туды ұмытпаған. Команда басшысы туды бапкерлерге берген. Бірақ финал соңғы секундқа дейін тартысты өтті ғой. Сол себепті, бапкерлер тек алтын медаль туралы ойлаған.

Әзербайжандық өте мықты қарсылас екені белгілі. Финал басталғанда бәрі күресті, тарихи алтын медаль алуды бірінші орынға қойған.

Ту бар. Туды аренаға алып барды", - дейді Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің жетекшісі Аян Төлеген KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетелік, Ризабек Айтмұхан еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2037115-sportty-damytu-direkciyasy-alem-cempiony-rizabek-aitmuxanga-nelikten-tu-berilmegenin-tusindirdi/

pixel