jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Азия ойындары-2023: дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы жарысқа дайын ба

    Ерлан Алпысбаев
    Ерлан Алпысбаев. Фото: facebook.com/kazjudoteam

    Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Ерлан Алпысбаев бүгінде қазақстандық спортшы Азия ойындарына дайындығы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында отандық спортшылардың қазіргі жағдайына тоқталды.

    "Жаттығуымыз жақсы. Мынау енді соңғы жаттығуымыз болған. Қазір салмақтарын реттеп, ойларын дұрыстап, құлшынысымыз жақсы. Арғы жағында бізге тек олимпиадалық ойындарға қатысу үшін лицензия керек", - деді ол.

    Ерлан Алпысбаев әйелдер құрамасынан қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова жарақатынан кейін қайта қалпына келіп жатқанын айтты.

    "Абиба бір жақсысы жарақатынан айықты. Қазір бәрі жақсы. Қарқынды жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ әлі бұрынғы қалпына келе алмай жатыр", - дейді Ерлан Алпысбаев.

    Сондай-ақ Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Ғалия Тынбаеваның неліктен 52 келілік санатқа ауысқанын айтты.

    "Біз басында Абибаның жарақаты жазылмаса, басқасы қатысады деп ойлағанбыз. Ташкентке барып біраз күрескенбіз. Қазір мына жерде күресіп кетсе, мүмкін ары қарай 54-ке ауыстырармыз. Лицензия алуымыз мүмкін", - дейді ол.

    Сонымен қатар бас бапкердің айтуынша, Камиланың да бүгінде жағдайы қалыпты.

    Ерлан Алпысбаев қазақстандық спортшы қыздар бас жүлдеге таласа ала ма деген сұраққа жауап берді.

    "Ертең не болатынын айту қиын, бірақ қыздардың бәрі таласа алатын деңгейде", - деді ол.

    Азия ойындары-2023: дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы жарысқа дайын ба

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.