Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәмилә Бақбергенова: Жартылай финалда өзім қателік жасадым

Опубликовано:

Жәмилә Бақбергенова
Фото: uww.org

Сербияда өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған Жәмилә Бақбергенова өз әсерін бөлісіп, жіберген қателіктері жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жәмилә Бақбергенова финалға шығатынына қатты сенімді болғанын жеткізді. Ол әлем чемпионатына алтын үшін келгенін айтты.

"Жартылай финалда қателікті өзім жасадым. Финалға шығамын деп өзіме қатты сенімді болғанмын. Сондай сезімде болдым. Бірақ бұл менің қателігім, олай істеуге болмайды. Күрес болғаннан кейін кейде ұтыс, кейде ұтылыс болып тұрады. Алла шүкір үшінші орын иелендік. Енді үшінші орын алғаннан кейін одан да жақсы жұмыс жасаймыз деп ойлаймын. Негізі алтын медаль үшін келгем. Бірақ Алланың қалауы осылай болып тұр", - деді спортшы.

Оған қоса балуан жарыс алдында сырқаттанып қалғанын айтты.

"Екінші жаттығу алдында баспа шығып кетті. Соған қарамастан жаттығу жасап жүрдім. Төрт күн қалғанда ол асқынып, іріңдеп кетті. Жарысқа бір күн қалғанда баспаны кетірдік. Екпе салуға болмайды. Оны салсақ бүкіл еңбек босқа кетуші еді. Бұл да бір сынақтардың бірі. Сынақтан да өттік. Үшінші орынға да разымыз. Жекпе-жектен кейін бірден жүгіріп кеттім. Азиадаға дайындықты бастап кеттім. Терім қатып қалмасын деп жүгіріп, жүрегімді тыныштандырып алдым. Сабырға келіп алдым. Барша қолдаған жанкүйерлерге рахмет", - деді Бақбергенова.

Айта кетейік, кеше отандық балуан Жәмилә Бақбергенова Сербияда өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Бақбергенованың бапкері Нұрсұлтан Теміров жекпе-жектен кейін өз жоспарын бөлісіп, балуанның басқа салмаққа ауысатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2037694-zamila-baqbergenova-zartylai-finalda-ozim-qatelik-zasadym/

pixel