Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада бала барыстар боз кілемде белдесті

Опубликовано:

"Бала барысы" турнир
"Бала барысы" турнир. Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Қызылордада аймақтың 85 жылдығы және қала күні мерекесі аясында "Бала барысы" байрақты бәсекесі дәстүрлі жалғасын тапты. Облыс аумағынан 34 жасөспірім қатысқан жас балуандар додасының ашылуына қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев арнайы қатысып, балуандарға сәттілік тіледі.

"Сайыпқыран ерлердің лайықты ізбасарлары сіздер барда қазақ күресінің келешегі кемел, болашағы жарқын боларына сенемін. Алдағы уақытта "Бала барысы" турнирінде айрықша күш-жігерімен танылған жас балуандар көптеген дүбірлі додаларда Алашқа олжа салады деп ойлаймын", - деді қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев.

"Бала барысы" турнир
"Бала барысы" турнир. Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Қалалық ашық біріншіліктің баса назар аударатын бір ерекшелігі балуандардың әрбір қимылы жоғары технологиялы VAR жүйесі арқылы бақыланады.

"Бала барысы" турнир
"Бала барысы" турнир. Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Жарыстың нәтижесінде "Бахадүр" лақап атымен қатысқан қызылордалық Болатбек Абылайхан "Көрермен көзайымы" атанды.

Ал ІІІ орын мен 50 мың теңге "Қола белбеу "Сыр Қажымұқаны" лақап атын иеленген Жаңақорғандық Байзақ Қажымұқанға бұйырды.

Ақтық сында қарсыласына есе жіберген "Баймолда ұрпағы" лақап атымен Баймолда Исламбек ІІ орын мен 100 мың теңгені және "Күміс белбеуді" қанағат тұтты.

"Бала барысы" турнир
"Бала барысы" турнир. Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

І орын 200 мың теңге және "Алтын белбеуді" қармақшылық "Семетей жалын" Әлихан Әлиасқаров жеңіп алып, арнайы жасалған ауыспалы "Тайтұяқты" қанжығасына байлады. Осылайша, Әлихан Әлиасқаров екі дүркін "Бала барысы" атанды.

"Бала барысы" турнир
"Бала барысы" турнир. Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2037839-qyzylordada-bala-barystar-boz-kilemde-beldesti/

pixel