Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мағжан Шамшадин дзюдодан Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды

Жарияланған күні:

Мағжан Шамшадин
Мағжан Шамшадин. Фото: Сали Сабиров

Дзюдодан Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына кезекті медаль түсті. Мағжан Шамшадин қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

60 келі салмақта сынға түскен Мағжан Шамшадин Азиаданың қола медалін жеңіп алды.

Ол қола медаль үшін өткен белдесуде тәжікстандық балуанды ваззари әдісімен жеңіп, ел қоржынына екінші медальді салды.

Бұл Мағжанның Азия ойындарынан жеңіп алған тұңғыш жүлдесі.

Айта кетелік, бұған дейін Абиба Әбужақынова 48 келі салмақта күміс жүлдегер атанған болатын.

Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2037880-magzan-samsadin-dzyudodan-aziya-oiyndarynyn-qola-zuldesin-zenip-aldy/