Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ата-анасынан сұрап алдым": Абиба Әбужақынованың жас дзюдошы Есмигүл Куйюловаға қандай қатысы бар

Опубликовано:

Абиба Әбужақынова баспасөз жиынында
Абиба Әбужақынова. Фото: Тұрар Қазанғапов/Спортты дамыту дирекциясы

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Абиба Әбужақынва кеше қола жүлдегер атанған Есмигүл Куйюлова туралы пікірін айтты. Бұл туралы KAZ. NUR.KZ хабарлайды.

Есмигүл Куйюлова 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Спортшының Қазақстанға қоныс аударуына оның спорттағы жанашыр әпкесі Абиба Әбужақынова себеп болған.

"Есмигүлді өзім алып келдім. Өзбекстанда бір залда жаттыққанбыз. Ата-анасынан рұқсатымен осында алып келдім. Ата-анасынан сұрап алдым. Қазір де екеуміз бір бапкерде жаттығамыз. Менімен бірге тұрады. Ипотекаға үй алғанмын. Сол үйдің жөндеу жұмыстары бітсе, әрі қарай сол үйде тұрамыз.

Оқуға түсірдім. Бірге тұрамыз. Бірге жаттығамыз. Жаттығу жиындарына бірге барамыз. Бапкерлеріміз де бір.

Қола жүлде үшін өткен кездесуде Есмигүлге жанкүйер боламын деп, тамағым қарлығып қалды. Белдесу басталмас бұрын өзбек қызының осал жерін айттым. Жоғары жағынан ұстап, әдіс жасаса, ол ештеңе істей алмайды.

Басында өзінің қателігімен ұпай беріп қойғанда қатты қынжылғам. Қуанышқа қарай, бәрі жақсы аяқталып, жеңіске жетіп отыр. Ол менің құрбымнан гөрі, сіңлім десем, дұрыс болады", - деді Абиба.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2038184-esmiguldi-ata-anasynan-surap-aldym-abiba-abuzaqynova-aziya-oiyndarynyn-zuldegerine-qatysty-tyn-derekterdi-bolisti/

pixel