Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия ойындары: Отандық таеквондошылар финалдық кезеңге өтті

Опубликовано:

Таеквондошылар жарыс кезінде
Таеквондошылар жарыс кезінде Фото: olympic.kz

Қазақстандық таеквондошылар Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында жақсы нәтиже көрсетуде. Отандық екі спортшы финалдық кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық таеквондошы Нұрбек Ғазиз 63 келіге дейінгі салмақта филиппиндік Чуа Джозефті 2:0 (16:4, 11:4) есебімен жеңіп, финалдық кезеңге өтті.

Ал Әзиза Қаражанова вьетнамдық Ву Цзи Дунгтан басым түсті - 2:0 (6:2, 11:6).

Ханчжоудағы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар әзірге екі күміс, бес қола иеленді.

Дзюдодан Абиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанса, Мағжан Шамшадин, Эсмигул Куюлова мен Абылайхан Жұбаназар қола жүлдесіне ие болды.

Сондай-ақ Николай Чирюкин де ел қоржынына Азия ойындарының қола жүлдесін түсірді.

Оған қоса жылжымалы нысана көздеуден аралас жұптық сында Ислам Сәтбаев пен Александра Ли қола жүлдегер атанды.

Ал бүгін жылжымалы нысана көздеуден топтық жарыстан қазақстандық мергендер Асадбек Назиркулов, Бахтияр Ибраев және Андрей Худяков күміс жүлдені ұтып алды.

Айта кетейік, Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Оған 500-ден астам қазақстандық спортшы қатысуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2038160-aziya-oiyndary-otandyq-taekvondosylar-finaldyq-kezenge-otti/

pixel