jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Азиадада ел намысын қорғаған дзюдошы Дидар Хамза мансабын аяқтайтынын хабарлады

    Дидар Хамза
    Дидар Хамза. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Қазақстандық дзюдошы Дидар Хамза Азия ойындарында сәтсіз өнер көрсеткеннен кейін спорттық мансабын аяқтайтынын хабарлады. Ол барша жанкүейрлерінен кешірім сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Дидар Хамза маңызды мәлімдемесін Instagram парақшасында жариялады. Ол соңғы жарысында жүлделі бола алмағаны үшін көпшіліктен кешірім сұрады.

    "Ұлттық құрамада жүргеніме 11 жыл болыпты. Жасөспірім, жастар бәрін қосқанда осы уақытқа дейін қолдан келгенше күресіп мақсатыма жетпесем де, жүлделі орындардан көріндім. Осы уақытқа дейін қолдап, жанкүйер болған адамдарға алғысым шексіз. Соңғы жарысымда сіздерді қуанта алмағаным үшін кешірім сұраймын! Осымен спорттық мансабымды аяқтаймын", - деп жазды ол.

    Айта кетейік, Дидар Хамза Азия ойындарында жүлдеге ие бола алмады.

    Дидар мансабында 2018 жылғы Джакартадағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп, Гран-при чемпионы болды. Сонымен қатар оның WJT турнирлер сериясында бірнеше қола медальдары бар. Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

    Азиадада ел намысын қорғаған дзюдошы Дидар Хамза мансабын аяқтайтынын хабарлады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.