Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ балуаны Азия ойындарында үздік үштікке енді

Жарияланған күні:

Азат Садықов Азия ойындарында
Азат Садықов Азия ойындарында Фото: Olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

Азия ойындарында грек-рим күресінен ел намысын қорғаған Азат Садықов қола жүлдеге ие болды. Оның қарсыласы жарақатына байланысты белдесуден бас тартқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

77 келідегі Камбоджа балуаны Кео Софак жарақат алып қалуына байланысты белдесуден бас тартты. Нәтижесінде отандасымыз Азат Садықов автоматты түрде қола жүлдеге қол созды.

Бұған дейін қазақ балуаны бірінші айналымда Кодай Сакураба (Жапония) мен Висит Тамвиратты (Таиланд) еш қиындықсыз жеңіп шыққан. Алайда жартылай финалда Токио олимпиадасының күміс жүлдегері, 2 дүркін әлем чемпионы Ақжол Махмұдовтан (Қырғызстан) ұтылып қалды.

Айта кетейік, 60 келі салмақта Азия ойындарының қола жүлдесі үшін күрескен Айдос Сұлтанғали Солтүстік Корея спортшысы Сын Риге есе жіберді.

Ал 67 келі салмақта финалда алтын үшін таласқан Мейіржан Шермаханбет Катсуаки Эндоға жол беріп, Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2039537-qazaq-baluany-aziya-oiyndarynda-uzdik-ustikke-endi/