Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азиада-2023: Джиу-джитсудан ел намысын қорғап жатқан Галина Дуванова финалға жолдама алды

Опубликовано:

Галина Дуванова
Галина Дуванова Фото: Тұрар Қазанғапов

Азия оындарында джиу-джитсудан бақ сынап жатқан Галина Дуванова құрлықтық доданың финалына жолдама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

57 кг салмақта белдескен Дуванова жартылай финалда әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері Орапа Сенатамды (Таиланд) жеңіп кетті.

Іріктеу кезеңінде қазақстандық спортшы Вуонг Мин Нгуен (Вьетнам) мен Удвал Цогхуудан (Моңғолия) басым түсті. Енді финалда Азияның үш дүркін чемпионы Анние Рамирезбен (Филиппин) күш сынасады.

Галина үшін бұл екінші Азиада. Ол Джакртадағы бәсекеде 9 орынды еншіледі. 24 жастағы Дуванова былтыр АҚШ-тың Бирмингем қаласында өткен дүниежүзілік ойындарда күміс жүлдегер атанған.

Бұған дейін отандық балуан Жәмилә Бақбергенованың Азия ойындарының финалына шыққаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2039850-aziada-2023-dziu-dzitsudan-el-namysyn-qorgap-zatqan-galina-duvanova-finalga-zoldama-aldy/

pixel