jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Жәмилә Бақбергенова Азия ойындарының алтыны үшін күреседі

    Жәмилә Бақбергенова
    Фото: uww.org

    Қазақстандық спортшы Жәмилә Бақбергенова Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әлем чемпионатында 3 жыл қатарынан жүлде алған қазақ балуаны жартылай финалда Киранды (Үндістан) жеңді. Кездесу 4-2 есебімен аяқталды..

    Жәмилә алғашқы белдесуінде Өзбекстан құрамасының көшбасшысы Светлана Окназарованы, ширек финалда моңғолиялық Ариунджаргал Ганбатты еш қиындықсыз таза жықты.

    Қазақстандық спортшы енді финалда Айпері Медетқызы (Қырғызстан) немесе Хуей Чангпен (Тайбэй) күреседі.

    Жәмилә Бақбергенова - сары құрлық чемпионатында үш мəрте жеңімпаз атанған тұңғыш қазақ балуаны. Қазір оның еншісінде Азия чемпионатының 5 медалі бар (3 алтын, 1 күміс, 1 қола).

    Ол жуырда Белградта өткен дүниежүзі додасында 72 кг дейінгі салмақта үздік үштікті түйіндеді. 27 жастағы бозкілем шебері оның алдында Белград (2022 жыл) пен Ослодағы (2021 жылы) чемпионаттан күміс медальмен оралған.

    Жәмилә Бақбергенова Азия ойындарының алтыны үшін күреседі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.