jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Дәулет Тұрлыханов жаңа қызметке сайланды

    Дәулет Тұрлыханов
    Дәулет Тұрлыханов. Фото: Іnstagram.com/daulet_bolatuly_turlykhanov

    Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамы төралқасына мүше болып сайланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Депутат бұл жаңалығын өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Ақпаратқа сәйсес, Астанада "Динамо" СҚ-ның кезектен тыс конференциясы өтіп, төралқаның жаңа құрамы мен осы спорт қоғамының төрағасы сайланған.

    "Отырыс қорытындысы бойынша "Динамо" қоғамының басшысы болып Ішкі істер министрі Ержан Сәденов сайланды. Мен төралқаға отыру құрметіне ие болдым. Сондай-ақ конференцияға қатысушылар президиумға атақты суға жүзгіш, "Рио-2016" Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландинді сайлады", – деп жазды Тұрлыханов.

    Мәжіліс депутаты келесі жылы "Динамо" 100-жылдық мерейтойын атап өтетінін жеткізді.

    "Еліміздің көптеген даңқты спортшылары "Динамо" сапында ақ-көк түсті жейденің намысын қорғады. Бүгінде "Динамо" қатарында болу үлкен абырой мен мәртебе болып табылатыны сөзсіз! Жиында әріптестеріме артылған сенім үшін үлкен алғысымды білдіріп, қоғам жұмысына сәттілік тіледім", - деп жазды ол.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.