jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Балуан Асылжан Есенгелді әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

    Асылжан Есенгелді жарыста
    Асылжан Есенгелді. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Қазақстандық спортшы Асылжан Есенгелді 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

    Қазақстандық балуан Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан бәсекенің финалында Башир Магомедовке (Ресей) есе жіберді. Кездесу 0-4 есебімен аяқталды.

    Еркін күрестен ұлттық құрама спортшысы (61 кг) тартысты жартылай финалда қырғыз бозкілем шебері Тайырбек Жумашбек уулудан басым түскен. Оған дейін алғашқы белдесуінде жапониялық Каито Моританы, ширек финалда үндістандық палуан Акаш Дахияны сенімді жеңді.

    Айта кетейік, Тиранадағы чемпионат 29 қазанда аяқталады. Осы жылы 23 жас санатындағы былтырғы 13 әлем чемпионы өз атағын қорғауға келді. Оның ішінде алтауы еркін, төртеуі грек-рим күресінде.

    Балуан Асылжан Есенгелді әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.