jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Дзюдошы Камила Берліқаш Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды

    Камила Берліқаш
    Камила Берліқаш. Фото: Instagram/kaz_judoteam

    Қазақстандық дзюдошы Камила Берліқаш Абу-Дабиде өтіп жатқан Grand Slam жарысының күміс жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ дзюдо федерациясына сілтеме жасап.

    Отандасымыз финалдық белдесуде португалиялық Рушель Нуньеспен кездесіп, қарсыласына есе жіберді.

    Камила Берліқаш жарыс кезінде 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде барлығы 4 кездесу өткізді. Іріктеу кезеңінде Ивана Сутало (Хорватия), Джованна Сантосты (Бразилия) айқын басымдықпен ұтып, өз тобынан үздік шықты. Ал жартылай финалда Ерика Симонеттиден (Италия) басым түскен болатын.

    Айта кетерлігі, Камила Берліқаш Қазақстан дзюдо тарихында дзюдодан әйелдер арасында Grand Slam жарысының финалына шыққан тұңғыш қазақстандық дзюдошы атанды.

    Осыған дейін Grand Slam кезеңінің финалынында Қазақстан құрамасынан тек Галбадрах Отгонцэцэг (2016) күрескен.

    Абу-Дабиде өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысында барлығы 77 елден 440 спортшы бақ сынауда.

    Дзюдошы Камила Берліқаш Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.