jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық жас балуан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

    Сұлтан Әсетұлы жарыста
    Сұлтан Әсетұлы жарыста. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Қазақстандық спортшы Сұлтан Әсетұлы Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚР cпортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

    Грек-рим күресінен 67 кг дейінгі салмақтың финалында Сұлтан түркиялық палуан Мұстафа Йылдырымның осал тұсып тапты. Аса тартысты өткен кездесу 2-1 есебімен аяқталды.

    Сұлтан – 23 жасқа дейінгі санатта əлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ балуаны.

    Ұлттық құрама балуаны іріктеудегі украиналық Олег Халиловтан басым түскен. Сосын, Стив Момилиа (Италия) мен Муслим Имадаевты (Ресей) жеңді. Жартылай финалда Әзірбайжан спортшысы Хасан Маммадлиді айқын басымдықпен тізе бүктірді (9-0).

    Қазір Албаниядағы бәсекеде Қазақстан қоржынында 1 алтын, 1 күміс пен 2 қола жүлде бар.

    Қазақстандық жас балуан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.