Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

UFC-дің бұрынғы чемпионы Ризабек Айтмұханның бозкілемдегі әдісіне жоғары баға берді (видео)

Опубликовано:

Генри Сехудо
Генри Сехудо. Фото: Douglas P. DeFelice/Getty Images

UFC-дің жеңіл салмақ дәрежесінің бұрынғы чемпионы Генри Сехудо қазақстандық Ризабек Айтмұханның бозкілемдегі әдісін жоғары бағалады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Генри Сехудо өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында қазақстандық балуан Ризабек Айтмұханды белгіледі. Генри еркін күрестен тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш Әлем чемпионының бозкілемде жасаған әдісін жоғары бағалады.

"Бұл әдісті еркін күрестен 2023 жылы өткен Әлем чемпионатында топ жарған 19 жасар қазақстандық спортшы жасаған еді", – деді Генри Сехудо.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан Әлем чемпионатында 92 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, ақтық сында әзірбайжандық балуан Осман Нұрмағамедовты жеңген еді. Ризабек еркін күрестен елімізден шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2046111-ufc-din-buryngy-cempiony-rizabek-aitmuxannyn-bozkilemdegi-adisine-zogary-baga-berdi-video/

pixel