jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    НА
    Назерке Абибулла
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада грэпплингтен Әлем чемпионаты өтеді

    Греплинг спорты
    Греплинг спорты. Фото: uww.org

    2024 жылы 7-12 қазан аралығында Астанада грэпплингтен Әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Халықаралық күрес ұйымының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Астанада грепплингтен 2023 жылғы Азия чемпионаты өткен болатын. Енді келер жылы барлық жас тобын қамтитын 15, 17 және 20 жасқа дейінгі жастар, ересектер мен ардагерлер арасындағы Әлем чемпионаты өтеді.

    "2023 жылғы Әлем чемпионаты Польша астанасы Варшавада өтті. Біз грэпплинг-ги және грэпплинг-но-ги стиліндегі тамаша белдесулерге куә болдық. Астанада Халықаралық күрес ұйымының бірнеше жарысы өтті. Келер жылы өтетін грэпплингтен Әлем чемпионаты қаладағы жекпе-жек спортына леп береді", – делінген UWW ұйымының ресми хабарламасында.

    Әлем чемпионатынан бөлек, 15-16 маусымда Венесуэланың Миранда қаласында грэпплингтен ересектер арасындағы Панамерика чемпионаты өтеді.

    Қазақстан құрамасы Варшавада өткен Әлем чемпионатында үшінші жыл қатарынан үздік деп танылды.

    Астанада грэпплингтен Әлем чемпионаты өтеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.