jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Қырғыз қызы әлемнің ең үздік балуаны атанды

    Айсұлу Тыныбекова
    Айсұлу Тыныбекова. Фото: The Asahi Shimbun via Getty Images

    Әйелдер күресінен Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері және әлемнің үш дүркін чемпионы Айсұлу Тыныбекова 2023 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің ең үздік балуаны атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Біріккен күрес әлемінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Айсұлу Тыныбекова – Біріккен күрес әлемінің (UWW) әйелдер арасындағы 62 келі салмақ дәрежесінде үздік балуандар рейтингін бастап тұр. Бұл нәтижеге жету үшін Айсұлу биыл Азия және әлем чемпионатында топ жарды. Қырғыз еліне әлемдік додада алтын медаль әкелген спортшы күзде Сербияда өткен дүниежүзілік біріншілікте мансабындағы үшінші алтынына қол жеткізді. Тыныбекова– Орталық Азия елдері арасында күрес түрлерінен үш дүркін әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы. 

    62 келі салмақ дәрежесінің рейтингінде екінші орын алған спортшы – жапон балуаны Сакура Мотоки. Ал үшінші орынды норвегиялық Грейс Жейкоб пен украиналық Ирина Колиаденко иеленіп отыр.

    Айта кетейік, Біріккен күрес әлемінің (UWW) рейтингіне қазақ қызы да ілінді. Жәмилә Бақбергенова 72 келі салмақ дәрежесінде үшінші орында тұр. Ал еркін күрестен әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан 92 келі салмақ дәрежесінің рейтингінде бірінші орында.

    Қырғыз қызы әлемнің ең үздік балуаны атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.