jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада дзюдодан рейтингтік турнир өтеді

    Дзюдошы Данияр Шамшаев
    Дзюдошы Данияр Шамшаев. Фото: olympic.kz

    10-12 мамыр аралығында Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2024 рейтингтік турнирі өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Qazaqstan Barysy Grand Slam 2024 жарысы Алматы қаласында өтеді деп жоспарланған. Бірақ Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) турнирді Астана қаласына ауыстырды.

    Бұл сайыс 2024 жылғы Париж Олимпиадасына рейтингтік ұпай беретін соңғы Grand Slam турнирі. Осы жарыста бірінші орын алғандарға 1000 ұпай, екінші орынға 700 ұпай, үшінші орынға 500 ұпай беріледі.

    Бұған дейін қазақстандық дзюдошылар 2-4 ақпанда Парижде өтетін Grand Slam турниріне қатысатынын жазғанбыз. Аталмыш жарысқа ұлттық құрамадан 14 cпортшы барады. Бұл турнирде 74 мемлекеттен 367 спортшы (217 ер, 150 әйел) бақ сынайды.

    Астанада дзюдодан рейтингтік турнир өтеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.