Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әскери қызмет пен спортты қатар алып жүргендер: ұлттық ұлан сарбаздары топ жарды

Опубликовано:

Ұлттық ұлан сарбаздары жеңіс тұғырында
Ұлттық ұлан сарбаздары жеңіс тұғырында. Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Күрес түрлерінен елордада өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында Ұлттық ұланның әскери қызметшілері екі күнде бес медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жарыстың алғашқы күні грек-рим күресінен 55, 63, 72, 82 және Олимпиада бағдарламасына кіретін 97 келі салмақта жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Бұл бәсекеде Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы Айбек Айтбеков (57 кг) пен Қостанай қаласындағы 6697 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы Исуф Мациев (97 кг) күміс медаль жеңіп алды. Ал 5571 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Елдос Кемеловке (72 кг) қола медаль бұйырды.

Чемпионаттың екінші күні Ұлттық ұлан құрама командасы грек-рим күресінен екі күміс медаль олжалады. Бұл жолы Ұлттық ұлан спорт құрамаларын даярлау орталығының дене шынықтыру және спорт нұсқаушысы ефрейтор Тамерлан Шадукаев (77 кг) пен Өскемен қаласының 5518 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Диас Әскербай (63 кг) күміс жүлде иегерлері атанды.

"Ұлттық ұланның 27 әскери қызметшісі грек-рим және еркін күрестен сынға түсіп жатыр. Екі күн ішінде біздің жігіттер 5 медаль жеңіп алды. Олардың әрқайсысы бозкілемде шеберліктерін, жоғары дайындық деңгейін және жеңіске деген ұмтылысын байқатты", – деді Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы полковник Сатжан Әбішев.

Айта кетейік, биылғы Қазақстан чемпионатында грек-рим және еркін күрестен жеңімпаз атанғандар Париж-2024 Олимпиада ойындарына арналған лицензиялық турнирлерге қатысуға мүмкіндік алады.

Күрес түрлерінен ел біріншілігі 5 ақпанға дейін жалғасады. Оған еліміздің 20 өңірінен келген 600-ден астам спортшы қатысып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2059019-askeri-qyzmet-pen-sportty-qatar-alyp-zurgender-ulttyq-ulan-sarbazdary-top-zardy/

pixel