Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық балуан Париждегі Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

Опубликовано:

Нұрлыхан Шархан
Нұрлыхан Шархан. Фото: instagram/kaz_judoteam

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Нұрлыхан Шархан әлемдік Grand Slam жарысының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұрлыхан іріктеу кезеңде қарсылас шақ келтірмей, өз тобынан үздік шықты. Ол алғашқы айналымда Натаниэль Киваны (АҚШ), одан кейін әлем рейтингінің 3-орнында тұрған Нидерланды спортшысы Майкл Коррелді ұтты.

Ширек финалда Александр Куколды (Сербия) қосымша уақытта вазари ұпайымен ұтып, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда екі дүркін әлем чемпионы испаниялық Николоз Шеразадишвилимен кездесіп, қарсыласына есе жіберген болатын. Ал 3-орынға таласта (-100 кг) швейцариялық балуан Даниэль басым түсті.

Айта кетейік, Парижде өтіп жатқан Grand Slam жарысына әлемнің 107 елінен 621 дзюдошы қатысып жатыр. Жарыс жеңімпазына әлемдік рейтингте 1000 ұпай, 2-орынға – 700, ал 3-орынға 500 ұпайдан қосылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2059056-qazaqstandyq-baluan-parizdegi-grand-slam-turnirinin-qola-zuldegeri-atandy/

pixel