jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Жамбыл облысы көш бастады: күрес түрлерінен ел чемпионатының нәтижесі қандай

    Боз кілемдегі балуандар
    Боз кілемдегі балуандар. Фото: instagram.com/turizm_sport_ministrligi

    Астанада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Жамбыл облысы көш бастады. Ал екінші орынға Алматы қаласы жайғасса, үздік үштікті Маңғыстау облысы түйіндеді.

    Жүлделер кестесі:

    1. Жамбыл облысы — 2 алтын, 3 күміс, 1 қола;
    2. Алматы қаласы — 2 алтын, 2 күміс;
    3. Маңғыстау облысы — 1 алтын, 2 қола;
    4. БҚО — 1 алтын, 1 қола;
    5. Ақтөбе облысы — 1 алтын, 1 қола;
    6. Астана қаласы — 1 алтын, 1 қола;
    7. Жетісу облысы — 1 алтын, 1 қола;
    8. СҚО — 1 алтын;
    9. Алматы облысы — 3 күміс, 3 қола;
    10. Атырау облысы — 2 күміс;
    11. ШҚО — 3 қола;
    12. Ақмола облысы — 3 қола;
    13. Павлодар облысы — 1 қола;
    14. Шымкент қаласы — 1 қола;
    15. Түркістан облысы — 1 қола;
    16. Қостанай облысы — 1 қола.

    Айта кетейік, күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі 1-5 ақпан аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек спорт сарайында өтті. Жарысқа еліміздің 17 облысы мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан 600-ден астам балуан қатысты.

    Еске салайық, осыған дейін Ризабек Айтмұхан күрестен Қазақстан чемпионатының финалында жеңіліп қалғанын жазғанбыз.

    Жамбыл облысы көш бастады: күрес түрлерінен ел чемпионатының нәтижесі қандай

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.