Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық балуандар Олимпиада ойындарына дайындалып жатыр (видео)

Жарияланған күні:

Ризабек Айтмұхан
Ризабек Айтмұхан. Фото: instagram.com/ab_olympic

Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасы Париж Олимпиадасына дайындалып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан күрес федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұханның айтуынша, қазақстандық балуандар Азия чемпионаттарына, Олимпиада ойындарына жаттығуды бастады.

"Қазір құрама командамен бірге "Ақбұлақ" олимпиадалық орталығында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Бізге жанкүйер болыңыздар!", – деді Ризабек Айтмұхан.

Айта кетейік, Қазақстан күрес федерациясы еркін күрестен клубтық әлем кубогына қатысатын балуандардың тізімін жариялады. Бұл жарыста ел намысын келесі спортшылар қорғайды:

  • 57 келі – Дәулет Теміржанов;
  • 61 келі – Қуат Әміртаев;
  • 65 келі – Нұрахмет Дидар;
  • 70 келі – Дүйсенқұл Құаныш;
  • 74 келі – Джакупов Мұрат/Досжанов Санжар;
  • 79 келі – Ергеш Дәулет;
  • 86 келі – Жігер Закиров;
  • 92 келі – Абдиманап Кенжеев;
  • 97 келі – Серік Бақытханов;
  • 125 келі – Нұрсултан Азов.

Еске салайық, Ризабек Айтмұхан күрестен Қазақстан чемпионатының финалында жеңіліп қалған еді. Кейін ұлттық құрама бапкері ел біріншілігінің финалы жайлы пікірін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2062357-qazaqstandyq-baluandar-olimpiada-oiyndaryna-daiyndalyp-zatyr-video/