jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Сұхбатымды бұрмаламаңыздар": дзюдошы Әбиба Әбужақынова жарақатына қатысты мәлімдеме жасады

    Дзюдошы Әбиба Әбужақынова
    Әбиба Әбужақынова. Фото: olympic.kz

    Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова жарақатына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Әбиба Әбужақынованың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Әлеуметтік желілерде мені жарақатымен күресіп жүр деген ақпарат тарады. Сұхбат бергенімде иығым толық емес, әлі де 20 пайыздай ем қажет деп айтқан болатынмын. Кез келген спортшыда ұсақ жарақаттар болады. Ауыр жарақаттың әсері, кесірі, қалыпқа келуге ұзақ уақытты талап етеді. Бірақ біз ұсақ жарақатым бар деп, жарыстардан бас тарта алмаймыз.

    Ташкентке де мені ешкім сүйреп отырған жоқ. Барлық жарысқа өз еркіммен аса жауапкершілікпен, дайындықпен қатысып отырмын. Алда Олимпиада ойындары. Қазіргі таңда рейтингте 6-орында тұрмын. Олимпиадада бұдан да жоғары нәтиже көрсетуім үшін қазірден рейтингтегі орнымды реттеуім керек. Денсаулық – менің ең басты байлығым. Өз денсаулығыма жауапкершіліксіз қарап, жарақатпен жарысқа аттанатындар қатарынан емеспін", – деп жазды қазақстандық дзюдошы Instagram парақшасында.

    Әбиба сондай-ақ Дохадан (Катар) елге келгеннен кейін толық қаралудан өтіп, тиісінше дәрігерлермен бірге ем қабылдағанын айтты.

    "Иә, соңғы әлем чемпионатында құрамада дәрігер болған жоқ. Алайда, қазіргі таңда құрамада дәрігер де, массажист те бар. Бұқаралық ақпарат құралдарынан сұхбатымды бұрмаламауды және көпшілікті шатастырмауды сұраймын. Рахмет!", – деп жазды Әбиба Әбужақынова.

    Осыған дейін дзюдошы қыз жарақаты туралы айтып, сұхбат берген еді.

    "Сұхбатымды бұрмаламаңыздар": дзюдошы Әбиба Әбужақынова жарақатына қатысты мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.