Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлішер Ерғали боз кілемде Қытайдағы қазақ балуанымен Олимпиада жолдамасына таласады

Опубликовано:

Әлішер Ерғали
Әлішер Ерғали. Фото: olympic.kz

Қазақстандық еркін күрес шеберлерінің Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирінің жартылай финалындағы қарсыластары анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

97 кг салмақта бақ сынап жатқан Әлішер Ерғали ширек финалда Андрей Ароновты (Қырғызстан) 10:0 есебімен жеңген болатын. Енді ол жартылай финалда Қытайдағы қазақ балуаны Әбусайман Хабиламен күреседі. Осы белдесуде жеңген балуан Олимпиада жолдамасына ие болады.

74 кг салмақта сынға түсіп жатқан Нұрғожа Қайпанов жартылай финалда Иран өкілі Йонес Эмамимен Олимпиада жолдамасын сарапқа салады. Қайпанов ширек финалда пәкістандық Мухаммад Асад Улахтан 10:0 есебімен басым түскен еді.

Тағы бір қазақстандық еркін күрес шебері Юсуп Батырмұрзаевтың (125 кг) келесі қарсыласы Бахрейн өкілі Шамиль Шәріпов болмақ. Батырмұрзаев ширек финалда Айаал Лазаревті мерзімінен бұрын ұтқан болатын.

Еске салайық, 11-16 сәуірде Бішкекте (Қырғызстан) өткен күрес түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 12 жүлде жеңіп алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2087852-aliser-ergali-boz-kilemde-qytaidagy-qazaq-baluanymen-olimpiada-zoldamasyna-talasady/

pixel