jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Ғалия Тынбаева қазақ қыздары арасында тұңғыш рет Grand Slam турнирінің чемпионы атанды

    Ғалия Тынбаева
    Ғалия Тынбаева. Фото: olympic.kz

    Қазақстандық дзюдошы Ғалия Тынбаева Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    48 кг салмақта өткен финалдық белдесуде Ғалия ресейлік дзюдошы Сабина Гилиязованы жеңді. Қазақстандық спортшы алдымен "ваззари", кейін "иппон" ұпайын алып, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. 

    Осылайша, Ғалия Тынбаева қазақ қыздары арасында тұңғыш рет Grand Slam додасының алтынын алып отыр. Ол аталған турнирдің финалына мансабында алғаш рет шыққанын жазған едік.

    Ғалия Тынбаева жақында Гонконгте өткен дзюдодан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Ол үшінші орынға таласта отандасы Әбиба Әбужақыновадан басым түскен болатын.

    Ғалия Тынбаева қазақ қыздары арасында тұңғыш рет Grand Slam турнирінің чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.