jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық 5 дзюдошы әлем чемпионатының жарыс жолынан шығып қалды

    Ғұсман Қырғызбаев
    Ғұсман Қырғызбаев. Фото: instagram/qaz_team_official

    Бүгін, 20 мамырда дзюдодан Абу-Даби төріндегі Әлем чемпионатының екінші жарыс күні. Қазақстандық 5 спортшы турнирді алғашқы айналымдарда аяқтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    66 кг салмақ дәрежесінде бақ сынаған Ғұсман Қырғызбаев бірінші айналымда Тал Фликкермен (Израиль) кездесіп, белдесу ережесін бұзғаны үшін сайысты аяқтады. Осы салмақтағы тағы бір балуан Жанарыс Рахметқали бірінші белдесуінде Валид Кхярға (Франция) ескерту саны бойынша есе жіберді.

    Ал әйелдер күресінде 57 кг салмақта Бақыт Құсақбаева Әзербайжан спортшысы Асель Топракқа ескерту саны бойынша есе жіберді. Сонымен қатар 73 кг салмақ дәрежесінде күш сынаған Бақытжан Абдурахманов жарыстың екінші айналымында неміс спортшысы Игорь Ванткеге есе жіберді. Данияр Шамшаев молдовалық Әділ Османовтан ұтылып қалды.

    Айта кетейік, 19 мамырда 48 кг салмақта бақ сынаған Әбиба Әбужақынова (48 кг) 3-орынға таласта Түркия өкілі Тукче Бедермен кездескен еді. Нәтижесінде қазақстандық спортшы айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері атанды.

    Қазақстандық 5 дзюдошы әлем чемпионатының жарыс жолынан шығып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.