jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Өз қателігімнен жеңілдім": Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатындағы қола жүлдесі туралы айтты

    Әбиба Әбужақынова
    Әбиба Әбужақынова. Фото: olympic.kz

    Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізгеніне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    48 кг салмақта бақ сынаған Әбиба Әбужақынова (48 кг) үшінші орынға таласта Түркия өкілі Тукче Бедермен кездесті. Бұл белдесуде қазақстандық дзюдошы айқын басымдықпен жеңді. Осылайша екінші рет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

    "Мен әлем чемпионатына жақсы дайындалдым, тіпті біздің елде өткен "Үлкен дулыға" турниріне де қатыспадым, сондықтан бұл жарыстың алатын орны ерекше. Ал жекпе-жектерге келетін болсақ, жартылай финалда өз қателігімнен Моңғолиядан келген дзюдошыдан жеңіліп қалдым. Әрине алтын медаль алғым келді. Бірақ қоланың өзі мен үшін үлкен жетістік. Бұл турнирге дейін негізінен Италия, Жапония, Моңғолия спортшыларымен жаттықтым", - деді спортшы.

    Айта кетейік, Әбужақынова әлем чемпионатындағы қола медаль үшін 1000 рейтингтік ұпай алады.

    "Өз қателігімнен жеңілдім": Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатындағы қола жүлдесі туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.