Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық дзюдошы денсаулығына байланысты әлем чемпионатында күреспейтін болды

Жарияланған күні:

Дзюдошы Абылайхан Жұбаназар
Дзюдошы Абылайхан Жұбаназар. Фото: PHILIP FONG/AFP via Getty Images

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Абу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатына қатыспайтын болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін, 21 мамырда Абу-Дабидегі дзюдодан әлем чемпионатының үшінші күнінде Қазақстан құрамасынан Эсмигүл Куюлова мен Абылайхан Жұбаназар бақ сынауы керек еді. Қазақстан дзюдо федерациясының мәліметінше, Абылайхан Жұбаназар денсаулық жағдайына байланысты жарысқа қатыспайтын болды. Ал Эсмигүл Куюлова 63 килограмға дейінгі салмақта ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Абу-Дабидегі әлем чемпионатында әзірге тек бір медаль жеңіп алды. 48 кг салмақта бақ сынаған Әбиба Әбужақынова қола медаль еншілеген еді. Осылайша, ол әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері атанды.

Ал кешегі жарыс күнінде татамиге шыққан қазақстандық бес дзюдошының бәрі жеңіліске ұшырады. Атап айтқанда, Бақыт Құсақбаева, Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали, Данияр Шамшаев, Бақытжан Әбдурахманов қарсыластарына есе жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2104281-qazaqstandyq-dziudoshy-densaulygyna-bailanysty-alem-chempionatynda-kurespeitin-boldy/