Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдос Сметов: Үш Олимпиадада медаль алған алғашқы қазақстандық дзюдошы болғым келеді

Опубликовано:

Елдос Сметов
Елдос Сметов. Фото: olympic.kz

Елдос Сметов Олимпиаданың үш дүркін жүлдегері атанған алғашқы қазақстандық дзюдошы болғысы келетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін, 7 маусымда Елдос Сметов Алматыда өткен іріктеу белдесулерінде Мағжан Шамшадин мен Нұрқанат Серікбаевты жеңіп, Париж Олимпиадасына жолдама алды. Осылайша Елдос мансабында үшінші рет Олимпиадаға қатыспақ.

"Бүгін өте тартысты белдесулер өтті. Бұның жауапкершілігі өте жоғары. Бір-бірімізді 100 пайызға білеміз. Сондықтан, кездесулер ұзаққа созылды. Қателік іздеп, жүріп қалдық. Күнделікті спарринг жасап, белдесіп жүрген адаммен күресу оңайға соқпайды. Бір бас жоғары болып, айқын басымдықпен жеңу мүмкін емес. Біздің салмақта дау-дамай қатты көтеріліп кетті. Енді бәрі тікелей эфирде, ашық түрде өтті.

Қазақстанда дзюдодан үш Олимпиадада медаль алған спортшы жоқ. Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері бар. Ендігі мақсат – Қазақстанның тарихын тағы да жаңартып, Париж ойындарында жеңіске жету. Тек қана Олимпиада алтыны үшін дайындаламыз", - деді дзюдошы.

Елдос Сметов – дзюдодан әлем чемпионы (2015), Азия ойындарының жеңімпазы (2014), Азия чемпионы (2016), Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері (2016), Токио Олимпиадасының қола жүлдегері (2020). Сонымен бірге әлем чемпионаттарында екі рет қола медаль иеленген (2019,2022).

Еске салайық, Парижде Олимпиадасына қатысатын дзюдодан Қазақстан құрамасы анықталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2113974-eldos-smetov-ush-olimpiadada-medal-algan-algashqy-qazaqstandyq-dziudoshy-bolgym-keledi/