jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Әлішер Ерғали әлемдегі ең үздік 10 балуанның қатарына кірді

    Әлішер Ерғали
    Әлішер Ерғали. Фото: olympic.kz

    Еркін күрестен Қазақстан құрамасының мүшесі Әлішер Ерғали 97 кг салмақ дәрежесіндегі үздік 10 балуанның қатарына кірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Біріккен күрес әлемі (UWW) ұйымының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Әлішер Ерғали жаңартылған рейтингте 23500 ұпаймен 8-орынға көтерілді. Ол өткен аптада Будапештегі (Мажарстан) халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алған еді.

    Еркін күрестен 97 салмақ дәрежесіндегі рейтингте әзербайжандық Магомедхан Магомедов (56 400 ұпай) көш бастап тұр. Екінші орынға Бахрейн өкілі Ахмед Тажудинов (55 000 ұпай) жайғасса, үздік үштікті америкалық Кайл Снайдер (52 400 ұпай) түйіндеді.

    Ал еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан аталған тізімде 18-орыннан көрінді (13 200 ұпай).

    Еске салайық, Әлішер Ерғали сәуірде Бішкекте (Қырғызстан) өткен күрес түрлерінен Азия құрлығының іріктеу турнирінде этникалық қазақ Әбусайман Хабиланы жеңіп, Париж Олимпиадасына жолдама еншілеген еді.

    Әлішер Ерғали әлемдегі ең үздік 10 балуанның қатарына кірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.