jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Олимпиадаға баратын қазақстандық дзюдошы қыздар Хорватияда жаттығып жатыр

    Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы
    Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы. Фото: instagram.com/kaz_judoteam

    Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы Хорватияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан дзюдо федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Хорватиядағы жаттығу Олимпиада ойындарына дайындықтың алғашқы кезеңі болып саналады. Оған Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева, Эсмигүл Куюлова, Камила Берліқаш және Назгүл Маратова қатысып жатыр.

    Айта кетейік, Париж Олимпиадасында дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасынан 3 спортшы сынға түседі. Әбиба Әбужақынова (48 кг) мен Камила Берліқаш (+78 кг) жекелей сайыста бақ сынаса, Эсмигүл Куюлова (63 кг) аралас-командалық жарыста белдеседі.

    Ал ерлер құрамасынан Елдос Сметов (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Данияр Шамшаев (73 кг); Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Нұрлыхан Шархан (-100 кг) ел намысын қорғайды.

    Жазғы Олимпиада ойындарында дзюдо бәсекелері 27 шілде мен 3 тамыз аралығына жоспарланған.

    Олимпиадаға баратын қазақстандық дзюдошы қыздар Хорватияда жаттығып жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.