Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атанды

Жарияланған күні:

Әбиба Әбужақынова
Әбиба Әбужақынова. Фото: ijf.org

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атағына ие болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Жеңіс" дзюдо клубының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Әбиба Әбужақыноваға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері жоғары дәрежелі атағы берілгенін қуана хабарлаймыз", - делінген мәлімдемеде.

48 кг салмақ дәрежесінде белдесетін Әбиба Әбужақынова – дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының үздігі. Ол – әлем чемпионатының екі дүркін қола медаль иегері, Grand Slam турнирінің жеті дүркін жүлдегері, Grand Prix рейтингтік турнирінің жеңімпазы, Азия чемпионатының екі мәрте күміс жүлдегері.

Әбиба өз салмағындағы әлемдік Олимпиадалық рейтингте 5576 ұпаймен үшінші орында тұр. Осы нәтижесінің арқасында қазақстандық дзюдошы биыл Парижде өтетін жазғы Олимпиадаға жолдама алды. Париж ойындарында дзюдо бәсекелері 27 шілде мен 3 тамыз аралығына жоспарланған.

Еске салайық, қазақстандық дзюдошы қыздар Олимпиада алдында Хорватияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2120238-dziudoshy-abiba-abuzhaqynova-qazaqstannyng-engbek-singirgen-sport-sheberi-atandy/