jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Дзюдодан Азия чемпионы Дидар Хамза басшылық қызметке тағайындалды

    Дидар Хамза (ортада)
    Дидар Хамза (ортада). Фото: instagram.com/akymbek_ulanbek

    Қазақстандық дзюдошы Дидар Хамза Түркістан облысында басшылық қызметке тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    "Дидар Хамза Түркістан облыстық спорт басқармасына қарасты Түркістан қалалық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып тағайындалды", - делінген мәлімдемеде.

    Дидар Хамза – 2018 жылғы Азия чемпионы, Рио (2016) және Токио (2021) Олимпиадаларының қатысушысы, Гран-при, "Үлкен дулыға" турнирлерінің жүлдегері.

    Еске салайық, Дидар Хамза 2023 жылы Қытайда өткен Азия ойындарынан кейін кәсіби мансабын аяқтаған еді. Бірақ биыл ұлттық құрамаға оралып, Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Grand Slam жарысына қатысты. 90 кг салмақта бақ сынаған ол жұбаныш белдесуінде жеңіліп, жүлдесіз қайтты.

    Дзюдодан Азия чемпионы Дидар Хамза басшылық қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.