Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж Олимпиадасы: Әбиба Әбужақынова алғашқы кезеңнен сүрінбей өтті

Жарияланған күні:

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова
Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова. Фото: ijf.org

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында алғашқы белдесуін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Әбиба Әбужақынова алғашқы айналымда Израиль спортшысы Шира Ришонимен белдесті. Кездесу 48 кг салмақ дәрежесінде өтті. Бұл бәсекеде Әбужақынова 1:0 есебімен жеңіске жетті. Енді қазақстандық дзюдошы 1/8 финалда Тайпей өкілі Лин Чен-Хаомен белдеседі.

Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова Олимпиада ойындырына алғаш рет қатысып жатыр. Ол – әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері. Қазақстандық дзюдошы әлемдік рейтингте 5576 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп тұр.

Осыған дейін дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі Елдос Сметов Париж Олимпиадасын жеңіспен бастағанын жазған едік. Ол Нидерланд спортшысы Торнике Цякадоеадан басым түсіп, келесі кезеңге өтті.

Париж Олимпиадасына 8 қазақстандық дзюдошы аттанған еді. Әйелдер арасында Әбиба Әбужақынова (48 кг), Эсмигуль Куюлова (63 кг), Камила Берлікаш (+78 кг) сынға түседі. Ал ерлер арасында Елдос Сметов (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Данияр Шамшаев (73 кг), Абылайхан Жұбаназар (81 кг) және Нұрлыхан Шархан (100 кг) ел намысын қорғайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2140510-parizh-olimpiadasy-abiba-abuzhaqynova-algashqy-kezengnen-surinbei-otti/