jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Елдос Сметов Париж Олимпиадасын жеңіспен бастады

    Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов
    Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов. Фото: ijf.org

    Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    60 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Елдос Сметов 1/16 финалда Нидерланд спортшысы Торнике Цякадоеамен белдесті. Екі дзюдошы негізгі уақытта өзара мықтыны анықтай алмады. Ал қосымша уақытта Елдос қарсыласының үш рет ескерту алуына байланысты жеңіске жетті.

    Енді қазақстандық дзюдошы келесі айналымда украиналық Дильшот Халматовпен кездеседі. Халматов алғашқы белдесуінде Өзбекстан өкілі Достон Рузиевтен басым түскен еді.

    Айта кетейік, 32 жастағы Елдос Сметов үшінші рет Олимпиадаға қатысып жатыр. Ол Рио-2016 бәсекесінде күміс, Токио-2020 додасында қола медаль еншілеген еді. Сметов маусымда үш қазақстандық дзюдошының арасында өткен іріктеу белдесулерінде жеңіске жетіп, Париж Олимпиадасына жолдама алған болатын.

    Елдос Сметов Париж Олимпиадасын жеңіспен бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.