Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының үздігі Әбиба Әбужақынова Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында екінші белдесуін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Әбиба Әбужақынова Париж татамиіндегі бәсекенің 1/8 финалында Тайпей өкілі Лин Чен-Хаомен кездесті. 48 кг салмақ дәрежесінде өткен бөлдесуде қазақстандық дзюдошы қарсыласын 19 секундта "иппон" әдісімен жеңді.
Әбиба алғашқы айналымда Израиль спортшысы Шира Ришонимен күш сынасып, 1:0 есебімен басым түскен еді.
Еске салайық, Олимпиада жүлдесі үшін күресіп жатқан тағы бір қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов ширек финалға шыққан еді. Ол алғашқы айналымда Нидерланд спортшысы Торнике Цякадоеаны жеңсе, 1/8 финалда украиналық Дильшот Халматовтан айласын асырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2140546-abiba-abuzhaqynova-parizh-olimpiadasynda-ekinshi-beldesuin-otkizdi/