Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдос Сметов әлемнің үздік дзюдошысын жеңіп, Олимпиаданың жартылай финалына өтті

Жарияланған күні:

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов
Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов. Фото: olympic.kz

Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі Елдос Сметов Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының жартылай финалына өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Елдос Сметов ширек финалда әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған тайпейлік спортшы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Янг Юнг Веймен кездесті. 60 кг салмақ дәрежесінде өткен белдесуде қазақстандық дзюдошы 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Еске салайық, Елдос Сметов алғашқы айналымда Нидерланд спортшысы Торнике Цякадоеаны жеңсе, 1/8 финалда украиналық Дильшот Халматовтан айласын асырған еді.

32 жастағы Елдос Сметов үшінші рет Олимпиадаға қатысып жатыр. Ол Рио-2016 бәсекесінде күміс, Токио-2020 додасында қола медаль еншілеген болатын.

Осыған дейін тағы бір қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Париж Олимпиадасының ширек финалына шыққанын жазған едік. Ол 1/8 финалда Тайпей өкілі Лин Чен-Хаоны 19 секундта "иппон" әдісімен жеңді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2140558-eldos-smetov-parizh-olimpiadasynda-ushinshi-beldesuin-otkizdi/