Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дзюдошы Нұрлыхан Шархан Олимпиаданы жеңіспен бастады

Жарияланған күні:

Нұрлыхан Шархан Азия ойындарында
Нұрлыхан Шархан Азия ойындарында Фото: Olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық дзюдошы Нұрлыхан Шархан Париж Олимпиадасының 1/8 финалына өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Нұрлыхан Шархан Париж татамиіндегі алғашқы белдесуін бельгиялық Тома Никифоровке қарсы өткізді. -100 кг салмақ дәрежесіндегі белдесуде қазақстандық дзюдошының қарсыласы үш рет ескерту алып, жеңіліп қалды.

Айта кетейік, осыған дейін Данияр Шамшаев (73 кг) бірінші айналымда өзбек дзюдошысы Муроджон Юлдошевке есе жіберсе, Абылайхан Жұбаназар (81 кг) мажарстандық Аттила Унгвариден айласын асыра алмаған еді.

Олимпиаданың бірінші күнінде Елдос Сметов (60 кг) алтын жүлде еншілесе, келесі күні тағы бір татами шебері Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Ал әйелдер арасында Әбиба Әбужақынова (48 кг) қола жүлдеге таласта қарсыласына жол берді. Эсмигүл Куюлова (63 кг) бірінші белдесуде сүрінді. Ал Камила Берліқаш (78 кг) 3 тамызда жарыс жолына шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2143074-dziudoshy-nurlyhan-sharhan-olimpiadany-zhengispen-bastady/