Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалына шықты
Опубликовано:
Қазақстандық балуан Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалына өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Грек-рим күресінен 77 кг салмақ дәрежесіндегі бәсекенің жартылай финалында Демеу Жадыраев Әзербайжан спортшысы Санан Сүлеймановпен күресті. Бұл белдесуде қазақстандық балуан 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Демеу Жадыраев – әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының күміс және қола медаль иегері. Ал Санан Сүлейманов – әлем біріншілігінің екі дүркін күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы.
Енді Жадыраев ертең, 7 тамызда Жапония өкілі Нао Кусакамен Олимпиада алтыны үшін күреседі. Финалдық кезең 21:15-те басталады.
Айта кетейік, Демеу Жадыраев Париж боз кілеміндегі алғашқы белдесуінде Колумбия спортшысы Джейр Куеромен күресіп, мерзімінен бұрын 8:0 есебімен жеңген еді. Кейін ол ширек финалда екі дүркін әлем чемпионы қырғызстандық Ақжол Махмудовтан басым түсті.
- Париж Олимпиадасы: қазақстандық ескекшілер жүлдеден қол үзді
- Олимпиада рекордын жаңартқан қазақстандық спортшы ширек финалға өтті
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2145319-demeu-zhadyraev-parizh-olimpiadasynyng-finalyna-shyqty/