jitsu gif
Спорт

    Париж Олимпиадасы: қазақстандық ескекшілер жүлдеден қол үзді

    Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов
    Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов. Фото: olympic.kz

    Байдарка мен каноэ есуден Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Екі адамдық каноэмен 500 метрге жарысудан сынға түскен Мария Бровкова мен Руфина Искакова жартылай финалға өткен үштіктің қатарына енбеді. Олар мәреге 2 минут 1,76 секундта жетіп, өз тобында соңғы орын алды.

    Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов (каноэ, 500 м) дуэті де ширек финалда сүрінді. Олар өз тобында жарысты соңғы болып аяқтады. Қазақстандық спортшылардың уақыт көрсеткіші – 1 минут 44, 03 cекунд.

    Сондай-ақ екі адамдық байдарка есуден (500 м) сайысқан Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий де жартылай финалдан шет қалды. 1 минут 37,58 cекундта мәреге жеткен олар келесі кезеңге өткен төртіктің қатарына қосыла алмады.

    Осылайша, үш қазақстандық дуэт Париж Олимпиадасының жүлдесінен қол үзді. Енді олар жұбаныш финалына қатысып, соңғы орындарға таласады.

    Париж Олимпиадасы: қазақстандық ескекшілер жүлдеден қол үзді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.