Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ептілік жетіспеді": Юрий Мельниченко Демеу Жадыраевтың Олимпиада финалындағы күресі туралы айтты

Жарияланған күні:

Демеу Жадыраев
Демеу Жадыраев. Фото: Olympic.kz

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының бас бапкері Юрий Мельниченко Демеу Жадыраевтың Париж Олимпиадасының финалындағы күресі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Демеу Жадыраев Олимпиада алтынына таласта жапон балуаны Нао Кусакамен белдесіп, 5:2 есебімен жол берген еді.

"Демеу жақсы күресті, бірақ оған ептілік жетіспеді. Ол бір сәтте тепе-теңдікті жоғалтып алды. Жапон балуаны осы сәтті пайдасына асырды. Өте өкінішті. Демеу басынан аяғына дейін күресті, барынша тырысты. Бәрі жақсы болатын. Өкінішке қарай, жеңіс жапониялық спортшының еншісінде кетті. Десе де Демеу финалға дейін жетіп, күміс жүлде иеленді. Бұл – үлкен жетістік. Бізді қолдаған жандардың бәріне алғыс айтамын", - деді Юрий Мельниченко журналистерге берген сұқбатында.

Айта кетейік, Парижде грек-рим күресінен сынға түскен басқа үш қазақстандық балуан жүлде еншілей алмады. Айдос Сұлтанғали (60 кг) алғашқы белдесуінде Қырғызстан спортшысы Жоламан Шаршенбековке есе жіберсе, Әлімхан Сыздықов (130 кг) ширек финалда Сабах Шариатиден (Әзербайжан) жеңіліп қалды. Ал Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) жартылай финал үшін өткен белдесуде Жан Беленюктен (Украина) айласын асыра алмады.

Ертең, 7 тамызда еркін күрес шеберлері Азамат Дәулетбек (86 кг) пен Мейрамбек Қартбай (57 кг) жарыс жолына шығады. Олардың алғашқы қарсыластары анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2146008-eptilik-zhetispedi-iurii-melnichenko-demeu-zhadyraevtyng-olimpiada-finalyndagy-kuresi-turaly-aitty/