Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Демеу Жадыраев: Қазақ еліне алтын сыйлағым келген

Жарияланған күні:

Қазақстандық балуан Демеу Жадыраев
Қазақстандық балуан Демеу Жадыраев. Фото: Kadir Caliskan - United World Wrestling/Getty Images

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған қазақстандық балуан Демеу Жадыраев финалдық белдесуі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Демеу Жадыраев Олимпиада финалында жапон балуаны Нао Кусакадан 5:2 есебімен жеңіліп, күміс медаль еншілеген еді.

"Дайындығым жоғары деңгейде болды. Бірақ финалда ұтылғаннан кейін кішкене өкініш болады екен. Ақтық белдесуде үлкен жауапкершілікті сезіндім. Қолдаған жандардың бәріне рахмет! Күміс құтты болсын! Қазақ еліне алтын сыйлағым келген. Енді қалған жігіттер алтын алсын деп тілеймін", - деді Демеу Жадыраев Qazaqstan телеарнасына берген сұқбатында.

Ертең, 7 тамызда еркін күрес шеберлері Азамат Дәулетбек (86 кг) пен Мейрамбек Қартбай (57 кг) жарыс жолына шығады. Олардың алғашқы қарсыластары анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2146027-demeu-zhadyraev-qazaq-eline-altyn-syilagym-kelgen/