Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлішер Ерғали ширек финалда әлем чемпионына есе жіберді

Жарияланған күні:

Балуан Әлішер Ерғали
Балуан Әлішер Ерғали. Фото: Kadir Caliskan - United World Wrestling/Getty Images

Еркін күрес шебері Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасындағы ширек финалдық кездесуін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

97 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін еркін күрес шебері Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасының ширек финалдық кезеңде сынға түсті. Әлішер Ерғали Бахрейн елінің балуаны Ахмед Тажудиновпен белдесті. Нәтижесінде қазақстандық балуан 2:14 есебімен жеңіліс тапты.

Егер Ахмед Тажудинов финалға өтіп жатса, Әлішер Ерғали қола медаль үшін жұбаныш кездесуін өткізуге мүмкіндік алады.

Ахмед Тажудинов 2023 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында топ жарған. Сондай-ақ ол Азия чемпионатында екі мәрте алтын жүлде (2023, 2024) еншілеген.

Әлішер Ерғали Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2021, 2022) және екі дүркін қола жүлдегері (2019, 2020) атанған.

Айта кетейік, қазақстандық балуан Әлішер Ерғали алғашқы белдесуінде мысырлық Мостафа Элдерсті 6:2 есебімен жеңген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2147257-alisher-ergali-shirek-finalda-alem-chempionyna-ese-zhiberdi/