jitsu gif
Спорт

    Әлішер Ерғали алғашқы айналымда жеңіске жетіп, ширек финалға шықты

    Әлішер Ерғали
    Әлішер Ерғали. Фото: olympic.kz

    Еркін күрес шебері Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасындағы алғашқы кездесуін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    97 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін еркін күрес шебері Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасының алғашқы айналымында сынға түсті. Қазақстандық балуан алғашқы белдесуінде мысырлық Мостафа Элдерспен белдесті. Нәтижесінде қазақстандық балуан 6:2 есебімен жеңіске жетті.

    Ол ширек финалда Ахмед Тажудинов (Бахрейн) – Амир Али Азарпира (Иран) кездесуінің жеңімпазымен кездеседі.

    Әлішер Ерғали Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2021, 2022) және екі дүркін қола жүлдегері (2019, 2020) атанған.

    Айта кетейік, бұған дейін еркін күрестен Азамат Дәулетбеков (86 кг) пен Мейрамбек Қартбай (57 кг), Юсуп Батырмұрзаев (125 кг) сынға түсіп, алғашқы айналымда жеңіліс тапқан болатын.

    Әлішер Ерғали алғашқы айналымда жеңіске жетіп, ширек финалға шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.