jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Қазақ еліне арнаймын": қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатындағы жеңісін қорытындылады

    Cанжар Ерұланұлы
    Cанжар Ерұланұлы. Фото: olympic.kz

    Дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған Санжар Ерұланұлы жеңісіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Санжар Ерұланұлы Лимада (Перу) өткен әлем біріншілігінде 90 кг салмақ дәрежесінде белдесіп, финалға дейін жетті. Ол ақтық сында украиналық дзюдошы Лебид Дмитродан уақытынан бұрын иппон ұпайымен басым түсіп, алтын медаль еншілеген еді.

    "Жеңісімді барша қазақ еліне арнаймын. Менің жеңісім Конституция күнімен тұспа-тұс келді. Сондықтан ерекше қуаныштымын. Енді бұл биікпен тоқтап қалмай, алға басамын", - деді жас спортшы. 

    Айта кетейік Перудегі әлем чемпионатына 48 елден 403 жас дзюдошы қатысты. Әлемдік рейтингте 5-орында тұрған Санжар Ерұланұлы жарысты екінші айналымнан бастады. Ол турнир барысында 4 кездесу өткізіп, төртеуінде де қарсылас шақ келтірген жоқ. Енді Санжар бастаған дзюдошылар Алматыда өтетін Азия кубогінде бақ сынайды. 

    "Қазақ еліне арнаймын": қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатындағы жеңісін қорытындылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.